Алматы облысының полицейлері 116 ұрылар тобын ұстады
Алматы. 16 маусым. Ақпараттар орталығы. Ағымдағы жылдың 5 айында полицейлер өңір аумағында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан 116 ұрылыр тобын ұстады, деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.
«Қазіргі таңда ұасталғандардың 359 ұрлық фактісіне қатысы бары дәлелденді. Олардың құрамында пәтер ұрлығымен маманданған 36 топ, мал ұрлаумен айналысатын 35 топ бар. Олар 150 –ден астам малды ұрлаған» - деді Алматы облысы ІІД бастығы генерал-майор Мұрат Ұрұмханов халықпен есепті кездесуде.
Осы жылдың қаңтарында Ұйғыр ауданында Ігербековтер тобын ұстаған, олардың құрамында үш адам бар, олар мал ұрлаумен айналысқан. Талдықорғанда М.Крачун мен И.Стрельцов ұсталған, олар 7 рет бөтеннің мүлкін ұрлаған, 2 рет көлік ұрлаған. Еңбекшіқазақ ауданында 8 адамнан тұратын Уәлиевтер тобы ұсталған, олар 8 рет ұрлық жасаған.
«Егер мал ұрлығына талдау жасасақ, онда талдау көрсетіп отырғандай, ұрлықтың жартысынан көбі бейқамдықтан, тіпті кейде малшылардың өздерінің немқұрайлығынан орын алып жатады. Пәтер ұрлығына келсек, ең көп тараған түрі, пластик терезелерді ашып кіру арқылы жасалады. Оның алдын алудың ең тиімді тәсілі бейнебақылау немесе дабылқаққыш орнату» - деді генерал-майор М.Ұрұмханов